«Барлық бала сүйiктi, барлық бала бiрдей!»

Халықаралық балаларды қорғау күнiне арналған «Балалардың игiлiгi үшiн» республикалық акция аясында 1 маусым күнi Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде «Барлық бала сүйiктi, барлық бала бiрдей!» атты iс-шара өттi. Мереке қарсаңында ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балаларды қуаныш атмосферасына бөлеу, оларға күлкi мен жағымды эмоциялар сыйлау үшiн ойын бөлмесiнiң есiгi айқара ашлды. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Жанар Хизатқызы Ақылбекова балалар мен олардың ата-аналарына жылы лебiзiн бiлдiрдi. Бөлiм қызметкерлерi Қызылжар ауданының «Психолого-педагогикалық түзету кабинетi» КММ әрiптестермен бiрге барлық балалар мен қонақтарды жұмылдыра отырып өте қызықты, ерекше iс-шараны өткiздi. Балаларды құттықтап «Мерей» өнер мектебiнiң оқушылары келдi. Алмас Ерболаттың орындауында «Құрманғазы», «Адай» күйi тарту етiлдi, Саида Қанатқызы Свиридовтың «Парень с гармошкой» шығармасын баян аспабымен орындады, хореграфия бөлiмшесiнiң «Қызылжар» би ансамблi «Самовар» биiн биледi. Мереке соңында естелiкке суретке түсiп, тәттi шай iшiп, сыйлықтар табыс етiлдi.

01.06.2022
Қараулар: 223
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет